Аштық жайлаған ауылын аман алып қалуды мақсат еткен Әділет бар үмітін өз мойнына артады. Халқының аштан қырылуына жол бермеу үшін ол заңды бұзып, ұрлық жасауға мәжбүр болады. Бірақ әрбір жасаған қадамы оны бұрынғыдан да ауыр таңдау мен үлкен қауіпке жақындата түседі. Әділеттің әрекеті расымен ауылын құтқара ма, әлде өзі байқамай әлдеқайда ауыр қасіреттің басталуына себепші бола ма? Әлде..
