Qaynar

Qaynar / ережелер

Жариялау ережелері

Бұл — ережелердің жұмыс нұсқасы, заңды құжат емес. Толық редакциясы кейінірек жарияланады.

Qaynar-да жариялау ашық, бірақ жауапты: әр туынды каталогқа модерация арқылы шығады. Төменде — негізгі қағидалар.

Кім жариялай алады

Жариялау автор, суретші және аудармашы рөлдеріне ашық. Рөлді профильде сұратуға болады. Жарияланатын туындыға құқығыңыз болуы керек: бөтен жұмысты рұқсатсыз жүктеуге тыйым салынады.

Модерация жолы

Әр туынды мына жолдан өтеді: черновик → тексеруге жіберу → модератор қарауы → жарияланды, түзету сұралды немесе қабылданбады. Оқырмандар тек жарияланған туындыларды көреді; әр шешімге модератор түсініктеме қалдырады.

Аудармаларға қатысты

Аударма бірлігі — тарау. Бір тараудың қазақша және орысша нұсқасы — қақтығыс емес, екі бөлек аударма. Аудармада түпнұсқаның авторы міндетті түрде көрсетіледі.

Неге тыйым салынған

Құқық иесінің рұқсатынсыз контент, жас белгісі жоқ 18+ материал, жеккөрушілік пен спам қабылданбайды. Ережені өрескел бұзу аккаунтты бұғаттауға әкеледі.

Құпиялылық

Біз қажеттіден артық дерек жинамаймыз. Төменде — нақты нені сақтайтынымыз және не үшін екені.

Аккаунт

Кіру үшін электрондық пошта мен құпиясөз қажет. Құпиясөз ашық түрде сақталмайды — тек қайтымсыз хэш сақталады. Поштаңызды жарнама тізімдеріне бермейміз.

Оқу прогресі

Қай тарауды қай жерге дейін оқығаныңызды, кітапханаңызды, бағалар мен пікірлеріңізді сақтаймыз — «оқуды жалғастыру» осыған сүйенеді. Бұл деректер тек аккаунтыңызға байланған.

Cookie

Cookie үшеу-ақ: интерфейс тілі, тақырып (тема) және сессияны ұстап тұратын қызметтік токен. Жарнамалық трекерлер мен бөгде аналитика жоқ.

Деректерді жою

Аккаунтты және онымен байланысты деректерді жойғыңыз келсе, төмендегі поштаға жазыңыз — сұранысты жұмыс күні ішінде қараймыз.

Сұрағыңыз қалды ма? Жазыңыз: hello@qaynar.kz